Факультет ғалымдары Springer Top Author халықаралық сыйлығының иегерлері атанды

2016 жылы 4 қарашада Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында халықаралық Springer Nature баспасы тағайындаған ғылым мен техника саласындағы тәуелсіз Top Springer Author-2016 марапатын тапсыру салтанаты өтті. Қазақстанның 18 ғалымы сыйлық иегері атанды, олардың арасында физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының профессоры Ж.Қ.Қайырбеков бар. «Жас ғалымдар» номинациясында жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының меңгерушісі Б.М.Уралбеков, факультет оқытушылары Е.Сайлауханұлы мен И.Матвеева сыйлық иегерлері атанды.

Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтап, жаңа табыстар тілейміз!

Басылым күні :  08.11.2016