Пекин қаласының (Қытай) университеттеріне іс-сапар

2016 жылдың 17-21 қазанында химия және химиялық технология факультетінің өкілдері – декан Е.К.Оңғарбаев, декан орынбасары Ж.К.Мылтықбаева және кафедра меңгерушісінің орынбасары Н.Т.Смағұлова Пекин қаласындағы университеттерде іс-сапармен болып қайтты. Іс-сапар қорытындысында Қытайдың мұнай университетімен «Мұнай химиясы» мамандығы бойынша қосдипломды бағдарламамен магистрлер дайындау үшін келісім-шарт жасалды. Цинхуа университеті мен Қытай Ғылым Академиясының университеті өкілдерімен кездесу барысында ғылыми бағыттар бойынша ынтымақтастық орнату және біріккен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелері қарастырылды.

Басылым күні :  25.10.2016