Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының тәуелсіз рейтингі

2016 жылы 18 мамырда Аккредитация мен рейтинг бойынша тәуелсіз агенттік (АРТА) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының мамандарды дайындау бағыттары мен деңгейлері бойынша 2016 жылғы тәуелсіз рейтингін жариялады. Рейтинг қорытындысы бойынша барлық үш дайындық деңгейінде (бакалавриат, магистратура, докторантура) «химия», «бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтары бойынша, сондай-ақ магистратурадағы «мұнай-газ ісі», «мұнай химиясы», «наноматериалдар мен нанотехнологиялар» мамандықтары бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1-орын иеленді. «6М011200 – химия» (педагогикалық) мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2-орын иеленді. Сонымен қатар, факультеттің 18 оқытушысы жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлық құрамының 50 үздік оқытушыларының бас рейтингіне кірді. Құттықтаймыз!

Басылым күні :  24.05.2016