«ҚазҰУ аруы 2016» байқауы

2016 жылы 29 сәуірде университетте дәстүрлі «ҚазҰУ аруы 2016» байқауының ақтық финалы өтті. 16 ару қатысқан финалда химия және химиялық технология факультетінің 2-курс студенті Шырын Ақпар жеңімпаз атанып, «ҚазҰУ аруы» деп танылды.

Факультет абыройын арттырған студентімізді жеңісімен құттықтап, биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз!

Басылым күні :  04.05.2016