Мектеп оқушылары үшін кәсіптік бағдар беруге арналған онлайн-конференция

2016 жылы 21 сәуірде физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасы мектептермен онлайн-режимде кәсіптік бағдар беру конференциясын өткізді. Конференцияға Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан: Жамбыл облысы (Тараз қ., Кеңес ауылы, Мерке ауылы), Алматы облысы, Астана және Алматы қалаларынан 10 мектептің түлектері қатысты.

Оқушыларға ҚазҰУ, факультет мамандықтары, практика, академиялық ұтқырлық туралы роликтер көрсетілді. Конференция барысында оқушылар 30-ға жуық сұрақтар қойып, оларға декан Е.К.Оңғарбаев, кафедра меңгерушісі Е.А.Аубакиров, проф. Г.А.Сейлханова, доцент М.Қ.Қалабаева жауап берді.

Басылым күні :  25.04.2016