«Наурыз – Нұрлы жол» мерекесі

2016 жылы 16 сәуірде университетте «Наурыз – Нұрлы жол» мерекесі өтті. Мереке қарсаңында жыл сайынғы «Парасат» кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өтетін тазалық байқауында химия және химиялық технология факультетінің ғимараты «Үздік оқу ғимараты» номинациясы бойынша 3-орын иеленді. Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы «Үздік кафедра» номинациясы бойынша 3-орын иеленді. «Үздік киіз үй» байқауына белсенді қатысқаны үшін факультет Алғыс хатпен марапатталды.

Басылым күні :  20.04.2016