Орталықтың қызметі

Әлеуметтік зерттеулер және әлеуметтік

инжиниринг орталығының қызметі

Орталық қызметінің негізгі ғылыми бағыттары

- Университет қызметінің негізгі түрлерін әлеуметтанулық сүйемелдеу;

- Көрсетілетін білім қызметтерінің бағалау сапасына мониторинг жасау;

- Студенттік жастарды тәрбиелеудің рухани-адамгершілік мәселелерін, құндылықты бағдарларын және жастардың өмірлік стратегияларын зерттеу;

- Фундаменталды-қолданбалы және шаруашылықкелісім зерттеулерін орындау;

- Келісім негізінде эксперттік қызметтер көрсету;

- Жас зерттеушілерді ғылымға баулу және кәсіби дайындау;

- Студенттер үшін тәжірибе өтудің ресурстық базасы және т.б.;

- Алдыңғы қатарлы жобаларды іске асыру: «Әлеуметтік зерттеулер мен әлеуметтік инжиниринг орталығы аясында жастар зерттеулерінің ғылыми-қолданбалы лабораториясы».

Халықаралық ынтымақтастық

2014-2015 оқу жылы Орталық келесі шетелдік университеттер мен ғылыми институттармен ынтымақтастықта жұмыс істейді:

  • Санья Университеті (ҚХР) –ынтымақтастық жөніндегі халықаралық келісім;
  • Ресейдің Бірінші Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералды университеті;
  • Қытай қоғамдық ғылымдар Академиясы (ҚҚҒА);
  • ТМД мемлекеттерінің жас ғалымдар кеңесі (Армения, Белоруссия, Грузия, Украина, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей);
  • Магдебургуниверситеті (Германия);
  • Новосибируниверситеті (Ресей);
  • Сорбонна университеті (Франция);
  • Питцерколледж(АҚШ);
  • Стамбул мемлекеттік университеті (Түркия);
  • Алтай мемлекеттік университеті;
  • Вашингтонуниверситеті (Сент-Луис қаласы, АҚШ);
  • Колумбия университетінің «Әлеуметтік жұмыс мектебі» (АҚШ);
  • Калифорния университеті (Санта-Барбара қаласы, АҚШ);
  • Отто фон Герике атындағы Магдебург университет» (Магдебург, Германия);
  • Новосибир мемлекеттік университеті (Ресей).