Басшылық

Әбдірайымова Гүлмира Серікқызы – әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, социология ғылымдарының докторы, профессор. Білім беру, жастар, құндылықты бағыт-бағдарлар және мемлекеттік жастар саясаты мәселелеріне арналған 150-ден астам ғылыми жарияланымдардың, соның ішінде оқулықтар мен оқу құралдары және монографиялардың авторы. Профессор магистратура және докторантурада базалық курстар бойынша дәріс береді.

Негізгі ғылыми жетістіктері:

Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығының жас ғалымдарға арналған Сыйлығының иегері (2003 ж.)

ҚР БҒМ-нің дарынды жас ғалымдарына арналған Мемлекеттік ғылыми шәкіртақылар иегері (2004-2005 жж.)

ҚР БҒМ-нің гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін М.Әуезов атындағы Сыйақы иегері (2006 ж.)

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Үздік жас ғалым - 2008» дипломының иегері

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жас дарынды ғалымы - 2008» байқауының жүлдегері

ҚР БҒМ-нің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» - 2007ж. Мемлекеттік грантының иегері

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының гуманитарлық ғылымдар саласындағы Сыйақысының иегері (желтоқсан, 2009 ж.)

ҚР БҒМ-нің көрнекті ғалымдарға арналған Мемлекеттік шәкіртақысының иегері (2010-2012 жж.)