Cтуденттік конференция “БҰҰ Моделі – Жаңа Жібек Жолы”

10.03.2016

Көрулер: 5698

Cтуденттік конференция “БҰҰ Моделі – Жаңа Жібек Жолы”

Бұл Орталық Азиядағы БҰҰ-ның жұмысының ірі имитациясы болып табылады, сондай-ақ ол Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәджікстан, Түркменстан, Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан, Италия, Франция, Нидерланды және басқа да елдердің қатысушыларын қамтиды. БҰҰ моделі дипломатиялық көшбасшылық және тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Көпшілік алдында сөз сөйлеу, тілді білу, сондай-ақ жас көшбасшыларға арналған желілік платформа ретінде қызмет етеді.

29 сәуір мен 1 мамыр аралығында 2016 жылғы Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында «БҰҰ моделі Жаңа Жібек жолы» (NSWMUN 2016) өтеді және мынадай комитеттер мен мәселелер қарастырылады:

Бас Ассамблея: Діни азшылық топтар интеграциясын мәдени әртүрлілік құралы ретінде қарастыру;
Қауіпсіздік Кеңесі: Халықаралық ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алуға арналған жаңа ұғымдар;
ЭКОЖӘК: “Тұрақты Даму” Бағдарламасы аясында елдер арасындағы байлық біркелкі емес тарату мәселесі
ЮНФПА(БҰҰ тұрғын халық саласындағы қоры): Сексуалдық және гендерлік зорлық-зомбылықтың репродуктивті денсаулыққа әсері
ФАО(Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы): Дамушы елдердегі азық-түлік қауіпсіздігі.

Халықаралық конференция әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында және АҚШ-тың Бас консулдығының және Біріккен Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаментынан қолдау алды.

Біз осы іс-шараға қатысуға барлық мүдделі тұлғаларды шақырамыз. Біз Конференция күні мен қатысуға мүмкіндігі туралы хабарлауға студенттерді сұраймыз.

Конференцияның жұмыс тілі - ағылшын.

Халықаралық студенттік конференция «БҰҰ моделі Жаңа Жібек жолы (NSWMUN)» 2015 жылы Орталық және Оңтүстік Азия мен Еуропадағы 14 елдің 300-ден астам адамы қатысты. Алматыда дипломатиялық корпус өкілдері - АҚШ-тың Бас консулдығы, Германия, Франция, Ресей, Үндістан, Италия, Ауғанстан және Венгрия; БҰҰ агенттігі - ЮНЕСКО, ЮНФПА, БҰҰ БЖКБ, ГМҮБ; сондай-ақ ҚР СІМ-нің, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының өкілдері және Оңтүстік Африка Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Қосымша ақпарат, тақырыптар, комитеттер және сілтеме тіркелу үшін Facebook тобымызда табуға болады «Жаңа Жібек жолы Халықаралық БҰҰ Моделі». Қазақстаннан делегаттарды тіркеу 14 наурызға дейін жалғасады.