«Әл-Фарабидің қайырымды қаласы және болашақ ұрпақ тәрбиесі» атты дөңгелек үстел өтеді

01.03.2016

Көрулер: 4144

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауының аясында Алматы қалалық және аудандық «Жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру комиссиясы» мүшелерінің қатысуымен «Әл-Фарабидің қайырымды қаласы және болашақ ұрпақ тәрбиесі» атты дөңгелек үстел өтеді.

Мақсаты: Әл-Фараби мұраларына зерттеу жүргізу, оның «Қайырымды қала тұрғындары туралы» трактатын қазіргі заман талабындағы ақылды қалалар мен ақылды университеттерді қалыптастыру тұрғысында зерттеу.

Міндеті: Ұрпақтар сабақтастығы арқылы ұлы ойшылдың «Қайырымды қаласын» университеттік «Al-Farabi University Smart Сity» жобасы мен «Айналаңды нұрландыр» және «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» және т.б. бағдарламалар аясында әлеуметтік және ізгілік бағыттарымен ұштастыру.

Әл-Фараби бабамыздың: «Қайырымды қала – адам баласының сау тәні сияқты. Ағзалардың барлығы бір-біріне көмекке келген кезде ғана адам жанын аман алып қалуға болады»,- деген сөздері осы дөңгелек үстелдің негізгі өзегі болады.

Бағдарламада әл-Фараби музейінің жаңа экспозициясымен танысып, бабамыздың «Әлем үндестігін» жастар арасында талқылап, заман талабымен үйлесім табу жолын іздейміз; ақсақал ардагерлеріміздің тілектері мен университеттің жас ғалымдары, оқытушылары мен студенттерінің ғылым саласындағы жаңалықтары мен ізденістерімен танысамыз.

Өтетін уақыты: 2 наурыз 2016 ж. (сәрсенбі), сағ.11:00

Өтетін жері: Алматы қ., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби кітапханасы, 201-бөлме, Ғалымдар клубы, 2-қабат

Ұйымдастырушылар: Университет музейі, әл-Фараби ғылыми –зерттеу орталығы, философия және саясаттану факультетінің жас ғалымдары, география және табиғатты пайдалану факультетінің тұрақты даму бойынша халықаралық ЮНЕСКО кафедрасы, «Ұрпақтар естелігі» атты студенттік ғылыми-ізденіс клубының мүшелері.

Дөңгелек үстел «Парасат» қызметкерлер кәсіподағының қолдауымен өтеді.