Университет оқытушылары мен қызметкерлері назарына

22.02.2016

Көрулер: 3561

Құрметті әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушылары мен қызметкерлері!

Халықаралық ынтымақтастық департаментi Кадис Университетінің оқытушылық ұтқырлық, біліктілікті арттыру мақсатындағы ұтқырлық және Erasmus + бағдарламасы аясында тәжірибе алмасу шәкіртақысын алу жөнінде байқау жариялайды.

Шәкіртақы бойынша:


Жол шығындары өтеледі;
Күндік шығындарды өтеу мақсатымен тәулігіне 120 еуро көлемінде шәкіртақы төленеді (5 күн + 2 күн көшуге арналған)
Назар аударыңыз! Тәжірибе мерзімі 2 айға дейін созылуы мүмкін, алайда бағдарлама тек алдыңғы тармақта көрсетілген күндердің шығынын ғана қамтамасыз етеді.

Қажетті құжаттар:

  • Доцент тағылымдамасы жөніндегі ұсыныс (еркін нысанда мақсаттар, міндеттер мен іс-шараларды көрсетіп, ағылшын немесе испан тілдерінде өткізуі қажет) – оқутышылық ұтқырлық мақсатында
  • Тағылымдама жөніндегі ұсыныс (еркін нысанда мақсаттар, міндеттер мен Кадисте іске асырғысы келетін іс-шараларды көрсетіп, ағылшын немесе испан тілдерінде өткізуі қажет) – біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу ұтқырлығы мақсатында
  • Өтініш нысаны
  • Ұтқырлық туралы келісім
  • Төлқұжат көшірмесі
  • Қысқаша түйіндеме

Іріктеу критерийлері:

  • Доцент тағылымдамасы/ұтқырлығы жөніндегі ұсыныстың Кадис университетінің академиялық мүдделеріне сәйкес келуі;
  • Бағдарламаға қатысушы университеттер мен мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық үшін берілген тағылымдаманың/ұтқырлықтың маңыздылығы;
  • Берілген ұтқырлықтың тиімділігі.

Қойылатын талаптар:

Ағылшын және испан тілдерін университетте сабақ беру деңгейінде меңгеру – оқутышылық ұтқырлық мақсатында

Ағылшын және испан тілдерін қабылдау университетіндегі оқытушылар және қызметкерлермен еркін тілдесу үшін B2 деңгейінде меңгеру – біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу ұтқырлығы мақсатында

Қажетті ақпаратпен университет сайтында танысуға болады:

http://www.uca.es/ori/erasmus/movilidad-profesores

Оқытушылық ұтқырлық:

http://www.auhr.es/ru/cargarAplicacionCatConvocatoriaAgenda.do?convocatoria=1&identificador=502&idCategoria=13

Біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу ұтқырлығы (орыс тілінде):

http://www.auhr.es/ru/cargarAplicacionCatConvocatoriaAgenda.do?convocatoria=1&identificador=504&idCategoria=13

Өтінішті өткізудің соңғы мерзімі: 29.02.2016ж.

Орындар саны шектеулі.

Ниет білдірушілерді Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласуды өтінеміз (Ректорат ғимараты, 12-қабат, каб.1205,1204 тел. 3773446)