Көрнекті экономист, ҚР ҰҒА академигі Я.А.Әубәкіровтің 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтеді.

20.11.2015

Көрулер: 3116

2015 жылдың 25 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің төрінде көрнекті экономист, ҚР ҰҒА академигі Я.А.Әубәкіровтің 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шарада атақты ғалым, қоғам қайраткері, педагог Я.А. Әубәкіровтің өмір жолын сипаттайтын "Өнегелі өмір" атты кітаптің тұсауы кесіледі.

Дөңгелек үстелде Қазақстанның академикалық және профессорлық элитасы, атақты оқытушылар мен мемлекеттік құрылымдардың мүшелері қазіргі дағдарыс жағдайындағы экономикадағы туындаған өзекті мәселелерді талқылайды. Қаржылық және валюталық құлдыраудың себептері, экономикалық тұрақсыздықтың салдары сияқты күрделі сұрақтарға жауап іздеу еліміздің ең күшті экономистерінің қолынан ғана келеді.

Саяси экономияның өзектілігін қайта жаңғырту мәселесі де қарастырылмақ. Бұл тақырыпта Қазақстанның саяси экономика мектебінің өкілдері, профессорлар - Жанатаев Т., Жатқанбаев Е., Елемесов Р., Алиев У және Ысқалиев М. сөз алмақ.

Сонымен қатар, Евразиялық интеграция, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы институционалды-құқықтық реформаларды ұйымдастыру, ұлттық экономиканың жағдайын нығайту, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлемдік дағдарысқа қарсы тұру шаралары тақырыптарында ҰҒА академиктері Қошанов А.Қ., Баймуратова У.Б., Сатыбалдина А.А., Сабден О. мен Сұлтанова Б.К. тұжырымдарын тыңдауға мүмкіндік болады.

Барлық қарастырылған сұрақтар мен жауаптар нәтижесінде дөңгелек үстелдің материалдар жинағы әзірленеді.

Өтетін уақыты: 14:00-ден 18:00-ге дейін

Өтетін орны: әл-Фараби кітапханасы, конференц-зал