Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасына 81 жыл толуына орай «БАҚ мамандарын даярлау бастаулары және жаңа бағыттары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

20.11.2015

Көрулер: 3253

2015 жылдың 26-27 қараша күндері «Қазконтент» АҚ, Қазақстан Журналистер Одағы, Қазақстан Журналистер Академиясы, Бас редакторлар клубы ҚБ қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының құрылғанына 81 жыл толуына орай «БАҚ мамандарын даярлау бастаулары және жаңа бағыттары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Пленарлық мәжілістің тақырыбы:

  • Конвергентті БАҚ нарығына маман дайындаудың жаңа міндеттері;
  • Дәстүрлі медиа. Жаңа медиа. Әлеуметтік медиа: түйісу немесе қарама-қайшылық алаңы;
  • Өңірлік медиа кеңістіктің дамуы, проблемалары мен таяу болашағы.

Конференция барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Қазконтент» АҚ арасында, сондай-ақ өңірлік медиа-холдингтермен екі тараптық Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылады.

Ғылыми жиын аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Біліктілікті арттыру институты базасында өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған шеберлік-сыныптарын өткізеді.

Шараның екінші күнінде республикалық және өңірлік БАҚ басшылары мен өкілдері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың үшінші патриоттық фестивалінің әділқазылар мүшесі, құрметті қонағы ретінде қатысады.

Ақпарат үшін: Білікті журналист кадрларын дайындаудағы іргелі кафедралардың бірі Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы 1934 жылы Қазақ Журналистика Институты (ҚЖИ) ретінде құрылды. Осы жылдар ішінде кафедра мыңдаған білікті журналистерді, БАҚ мамандарын дайындады.

Құттықтау, алғысөздер:

- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығы; факультеттің декандық корпусы; кафедра түлектері.

Кафедра мерейтойына арналған шаралар:

- университеттің эндаумент-қорының қалыптасуы;

- кафедра тарихына арналған бейнефильмдер таныстырылымы;

- өңірлік ТРК және журналистика факультеті арасындағы бейнекөпір;

- кафедра түлектерін марапаттау;

- концерттік бағдарлама;

- кампусқа экскурсия.

Өтетін орны: Алматы, әл-Фараби даңғ. 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ғылыми кітапхана, 4-қабат, конференц-зал.

Өтетін уақыты: 26-27 қараша 2015 жыл, сағат 10.00

Байланыс үшін: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, БОК-3Б, журналистика факультеті, 225 каб., саяси ғылымдарының докторы, баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева - тел.: +7(727)2211351; +7(727)2211492 факс: +7(727) 3773514 моб: +77011527488; +77074143415; эл-пошта: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, sultanbaeva_g@mail.ru