Құрметті Механика-Математика факультетінің студенттері!

12.11.2015

Көрулер: 3564

ҚазҰУ Халықаралық Ынтымақастық Департаменті, Erasmus+ бағдарламасы аясындағы байқауға Ecole Centrale de Nantes университетіне құжат тапсыруға болатындығы туралы хабарлайды.

Аталмыш ұтқырлық бағдарламасы бойынша, Франциядағы Ecole Centrale de Nantes университетінде оқитын студенттер грантпен қамтамасыз етіледі және Ecole Centrale de Nantes университеті ұсынатын барлық мүмкіндіктері қосымша төлемсіз қолжетімді.

Грант көлемі белгіленген мемлекетке және сол мемлекетте өткізетін жұмыс күнінің санына байланысты тағайындалады.

Бағдарламаның ұзақтығы: 1 семестр, ақпан - мамыр айларының арасы 2016жыл.

Іріктеу ережелері:

Үміткер, жаратылыстану ғылымдары бойынша бакалавр деңгейін тәмәмдап, қазіргі таңда 1-2 курста білім алудағы магистрант болуы қажет.

Мамандығы: инженерия

Ecole Centrale de Nantes университетінің магистранттарға ұсынатын мамандықтары:

  • · Құрылыс инженериясы
  • · Дағдылы басқару инженериясы, роботтехникасы және алдыңғы қатарлы информатика
  • · Алдыңғы қатарлы механика инженериясы
  • · Алдыңғы қатарлы EMship дизайні

Үміткерлерге қойылатын талап:

1) Академиялық оқу жылын «A», «A-», «B+», «B» үлгерімімен тәмамдаған.

2) Шет тілін еркін меңгерген: - кем дегенде upper – intermediate деңгейі. (шет тілін меңгергендігін растайтын құжат міндетті)

Өтінімді онлайн түрде, келесі сілтеме бойынша жүзеге асыруға болады:

http://www.ec-nantes.fr/version-anglaise/international/international-study-programmes/international-credit-mobility-program-148150.kjsp?RH=1265731417380

Байқау құжаттары 2015 жыл 27 қарашаға дейін қабылданады.

Халықаралық Ынтымақтастық Департаменті

(Ректорат әкімшілік ғимараты, 12-қабат, 1205-1204 кабинет, тел. 3773446)