ҚазҰУ-да НАТО моделі өтеді

06.11.2015

Көрулер: 2984

2015 жылдың 13 ҚАРАШАСЫНДА ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІНДЕ НАТО МИНИ-МОДЕЛІ АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ. КҮН ТӘРТІБІНДЕ «НАТО МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛАҢКЕСТІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ»

2015 жылдың 13 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тұсындағы НАТО жөніндегі ресурстық және ақпараттық орталық, «Жастар НАТО қызметі жайлы білгісі келеді» Студенттік ассоциациямен бірлесе «НАТО шағын моделі: НАТО мен Орталық Азия елдерінің халықаралық лаңкестікке қарсы күрес бойынша ынтымақтастығы» атты V Республикалық студенттік форумын өткізеді.

НАТО моделі - әлемде кең тараған студенттік қозғалыс пен оқыту модулі, ол білім беру жүйесінің құрамдас бөлігіне айналып, мыңдаған студенттер қатысатын үлкен форум.

НАТО шағын моделі 2015 бағдарламасы бойынша ашылу рәсімі мен рольдік ойын түріндегі отырыстар өтеді. Солтүстікатлантикалық кеңес пен Әскери жоспарлау комитеті қызметінің имитациясы арқылы қатысушылар НАТО мен Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығын, аймақтағы қауіпсіздік мәселелерін қарастырады. НАТО-ға мүше мемлекеттердің және ұйымға әріптес елдердің ұстанымдарын алға тарта отырып қатысушылар жаһандық қауіпсіздік жүйесіне, халықаралық ынтымақтастық пен қақтығыстардың алдын алу мәселелеріне қатысты жеке көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, бұл Форум бірқатар әмбебап кәсіби дағдыларды, оның ішінде, парламенттік рәсім ережелерін іс-жүзінде пайдалануды игеруге көмектеседі. Шараның тағы бір ерекшелігі – студенттер халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтетін ірі жиындарды ұйымдастыру дағдылары мен дипломатиялық этикет пен протокол нормаларын қолдануға үйренеді.

Бұл шараға Қазақстанның жетекші ЖОО-да оқитын 70-ке жуық студент қатысады.

Халықаралық бақылаушылар ретінде НАТО-ға мүше елдердің дипломатиялық корпус өкілдері мен жетекші сарапшылар шақырылған.

Форум ағылшын және француз тілдерінде өтеді.

Өтетін күні: 13 қараша, 2015 ж.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, халықаралық қатынастар факультетінің ғимараты, Үлкен зал

Форумның басталуы: 13 қараша, сағат 10:00.

Байланыс телефондары: Асия Күзембаева, НАТО ресурстық-ақпараттық орталығының координаторы, e-mail: asiya.kuzembayeva@kaznu.kz; Қайрат Беков, НАТО ресурстық-ақпараттық орталығының координаторы, e-mail: bekov.kairat@gmail.com, байланыс номері: +7-708-398-00-83