«Орталық Азия дәстүрлі өркениеттерін зерттеу мен теориялық-методологиялық мәселелер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

30.10.2015

Көрулер: 4286

ҚазҰУ жанындағы Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерделеудің республикалық орталығы 2015 жылы 12-13 қараша аралығында «Орталық Азия дәстүрлі өркениеттерін зерттеу мен теориялық-методологиялық мәселелер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференция мақсаты – Орталық Азия дәстүрлі өркениеттерін зерделеу мәселелерінің теориялық-методологиялық негіздерін еуразиялық және орта-азиялық саяси, әлеуметтік-экономикалық және этномәдени даму контекстінде көшпелі халықтар тарихының көрші халықтармен түйісуін ой елегінен өткізу арқылы талдау.

Конференция барысында өзекті тарихи мәселелерді талдауға бағытталған төмендегідей секциялар жұмысы жоспарланған:

  1. Орталық Азия көшпелілерінің ортағасырлардағы этнотерриториясының қалыптасуын зерттеу мәселелері
  2. Орталық Азия көшпелілері мемлекеттілігінің эволюциясы
  3. Орталық Азияның отырықшы халықтары мен «көшпелі империяларының» өзара ықпалдасуының тарихи-мәдени парадигмалары
  4. Орталық Азия халықтарының көшпелі өркениетіндегі табиғат пен қоғамның өзара әсері
  5. Көшпелілер Ресей империясының құрамында: басқарудың ерекшеліктері, мәдениет пен шаруашылықтың дамуы

Конференция жұмысына қатысуға Отандық және шетелдік ғалымдар, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Тіркеу: 9.00, Әл-Фараби» кітапханасы, Конференц-зал

Конференция бағдарламасына кіргізіп, жинағын дайындау үшін 2015 ЖЫЛДЫҢ 10 қазанына ДЕЙІН толтырылған тіркелу формасын, 5-7 бетке дейінгі көлемдегі Microsoft Оffice Word (2003, 2007) арқылы терілген мақалаларыңызды «конференцияға» деген айдармен флэш-тасымалдаушыда сақталған және А4 форматындағы қағазға шығарылған нұсқасын (материал кері қайтарылмайды) ұйымдастыру алқасына жіберу қажет. Мекен-жай: 140000, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, БОҒ 3, каб. 4-4, 413, Қазақстан тарихы кафедрасы. Тел.: +7 (727)3773338 (вн. 12-87), 87078307800, 87771571107, 87076787670 e-mail: kaznu_conf2015@mail.ru.

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  • шрифті Times New Roman, (12 pt); интервал – 1, жиектері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, сол – 3 см, оң – 1 см, абзац– 0,6 см.;
  • жоғарғы жағында баяндама тақырыбы, 1 интервалдан кейін автордың аты-жөні, жұмыс орны, қаласы, тағы 1 интервалдан кейін мәтін
  • суреттер (ақ-қара түсті) 300 dpi –ден кем емес JPEG, JPG форматында сканерленген болуы шарт

Мақаланы рәсімдеу үлгісі:

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

А.Ш.Садыкова

т.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті

Алматы қ., Қазақстан Ресупбликасы

*********************************************************************************************************************************************************************************************************************************************************************************************************************************

1. Бартольд В.В. История изучения Востока в Европе и России. – В кн.: Соч. –Т.IX. – М.,1977. – 286с.

2. Кастельская З.Л. Из истории Туркестанского края (1865–1917). – М.: Наука, 1980. –120 с.

Жинаққа ұсынылатын материалдарыңыз қатаң редакцияланған, талапқа сай болуы тиіс. Баяндама мәтіні мен мазмұнына автор жауап береді. Мақаланы қабылдау, жариялау туралы шешімді Ұйымдастыру алқасы қабылдап 3 күн мерзімнің ішінде электронды адреске жауаптарын жібереді. Конференция жинағы ұйымдастырушылар қаржысына шығарылады.

Конференцияға қатысушылардың жолы, қонақ үйі, тамағы конференцияға қатысушылардың тарапынан төленеді.

ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ

Тегі _____________________________________________________________

Аты______________________________________________________________

Әкесінің аты (толық)________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, лауазымы__________________________________________

Жұмыс орны (елі, ұйымның толық атауы, кафедрасы)_____________________

_________________________________________________________________

Мекен-жай ________________________________________________________
Байланыс телефондары_______________________________________________________________

E-mail______________________________________________________________________________

Секция_____________________________________________________________________________

Баяндама тақырыбы__________________________________________________________________

Мен:

  • Секция отырысында баяндама жасаймын;
  • Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамын;
  • Сырттай қатысамын.

ҚҰРМЕТПЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ!