ҚазҰУ-да ағылшын тілін үйретуден тегін сабақ өтеді

30.10.2015

Көрулер: 3414

«Өз тілің - бірлік үшін,

Өзге тілің - тірлік үшін»

Қазіргі таңда ағылшын тілін білу көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Егер сіз осы тілде еркін сөйлегіңіз келсе, біз сіздерді тегін ұйымдастырылатын English Club кездесуіне шақырамыз. Сіздің ағылшын тілін меңгеру деңгейіңіз қандай болса да, қай факультет тіпті қай университеттен келсеңіз де біздің есіктеріміз барлықтарыңызға бірдей ашық.

Кездесуге ағылшын тілін жетік білетін мамандар, білім немемсе өнер саласындағы үлкен жетістіктерге жеткен тұлғалар қатысады. Сіз өзіңіздің ағылшын деңгейіңізді көтерумен қатар өте қызықты пікірсайыстарға да қатыса аласыз, әр-түрлі ойындар мен сайыстар да ұйымдастырылады!

Кеш бағдарламасы:

  • «Мотивация» тақырыбында пікірсайыс;
  • Әр – түрлі ойындар мен сайыстар;
  • Жетістікке жеткен тұлғалармен тілдесу

Орны: бизнес инкубатор

Уақыты: 15:30-17:00

Күні: 4 қараша 2015 жыл

Ұйымдастырушы: «People Say» студенттер ұйымы

Жауапты: А. К. Сейтжанова

Байланыс тел.: +7707 417 5462, +7 775 246 2505 Меруерт