Мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің мәжілісі өтеді.

05.10.2015

Көрулер: 3270

2015 жылдың 7 қазанында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беру бағдарламаларын модернизациялау» ізгілендіру және жаратылыстану мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің мәжілісі өтеді.

Өткізілетін орны: әл-Фараби ҚазҰУ ғылыми кітапханасы

Өткізілетін уақыты: 10.00 – 18.00

ЖОО бітіруші түлектердің деңгейіне жұмыс берушілердің талаптарының өсуіне байланысты олардың кәсіби құзіреттіліктері сәйкес келмей жатады. Осы арақашықтықты жеңу үшін жұмыс берушілердің қатысуымен жаңа біліктілік жүйесін құру қажет. Жаңа біліктілік жүйесін құруда кәсіби стандарттарды жасау және енгізуге ерекше назар аударылады. Әлемде кәсіби стандарттардың шешетін негізгі қызметіне: мамандардың білім, еңбек сапасына қатысты қойылатын талаптары; еңбек және мамандарды дайындау саласын жақындату болып табылады. Осы мақсатта индустриальды инновациялық даму -2 Мемлекеттік бағдарламасы аясында ЖОО жасалынған жаңа кәсіби білім беру бағдарламалары қызмет етеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асыруды ұйымдастырудың негізі білім саласында 2011-2020 жылдары ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жалғастыруды қамтамасыз ететін қазақстандық білім беру модернизациясы болуы қажет.

Қазіргі уақытта еліміздің жоғары оқу орындары бағдарламаның (2016-2020 жж.) орындалуының екінші кезеңін қолға алды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысында осы және басқа да сұрақтар негізгі талқылауға арқау болады.

Іс-шараға Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ҚР Жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, жоғары оқу орындары консорциумының мүшелері, «Қазақстанның Туристік қауымдастығы», «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі, АҚ «Қазатомпром», ЖШС «Қазфосфат», «Ғарыштық техника және технологиялар институты», «Жоғары технологиялар институты», «Шетелдік жоғары оқу орындар-серіктестіктер», сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы қатысады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі