Физика пәні бойынша Республикалық олимпиада және шахматтан турнир өткізіледі

29.09.2015

Көрулер: 3575

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультеті жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 30 қазан күні жылуфизика және техникалық физика кафедрасының доценті, ұлағатты ұстаз Ж.Ө. Өмірбеков атындағы жыл сайынғы физика пәні бойынша Республикалық олимпиада және шахматтан турнир өткізіледі. Олимпиадаға ЖОО-ның 1-курс студенттері мен 11 сынып оқушылары қатыса алады.

Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу 2015 жылдың 28 қазанына дейін жүргізіледі. Олимпиадаға қатысу үшін төмендегі анкетаны толтыру қажет. Толтырылған анкетаны мына мекен-жайға жіберулеріңізге болады: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы №71, физика-техникалық факультеті жылуфизика және техникалық физика кафедрасы 317 және 403 (Манатбаев Р.Қ.) бөлмелер немесе Rustem.Manatbayev@kaznu.kz электронды почтаға жіберулеріңізге болады.

Олимпиадаға қатысушы өзімен бірге міндетті түрде студенттік билетін немесе анықтамаларын алып келуі керек. Жүлделі орын алғандарға ақшалай және бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Байланыс телефондары: +77053003110, +7(727)377-34-08.

Қатысушы туралы жалпы мәлімет:

А.Т.Ә.___________________________________

ЖОО аты________________________________

Мамандығы______________________________

Курсы___________________________________

Ұйымдастырушы:

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультеті жылуфизика және техникалық физика кафедрасы

Төрайым: Асқарова Ә.С.

Төрайымның орынбасарлары: Бөлегенова С.Ә., Манатбаев Р.Қ., Шортанбаева Ж.Қ.

Ұйымдастыру комитеті: Айтқожаев А.З., Төлеуов Ғ.Қ., Данлыбаева А.К.,Исатаев М.С., Бөлегенова С.Ә., Бекмұхамет А, Максутханова А.М.