ҚазҰУ-да Орталық Азиядағы алғашқы Samsung Инновация Академиясы ашылады

28.09.2015

Көрулер: 3314

Ашылу рәсіміне Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов, Samsung Electronics Central Eurasia президенті Юнсу Ким және Орталық Азия техникалық-экономикалық колледж директоры Ж.Баймұхамбетова қатысады.

Аса ірі және жоғары технологиялық құрамдас өндіруші мен ҚазҰУ арасындағы инновациялық ынтымақтастығының басталуына «Samsung инновациялық сервистік академия» атты жоба аясындағы серіктестік Меморандумына қол қою септігін тигізді.

Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының әлеуметтік жобасы жоғары оқу орындары мен колледжде дәріс алып жүргендер мен студенттерге қосымша білім беруге бағытталған. Компания мен университеттің жұмылып бірлескен бастамасы елдің сервистік қызмет көрсету саласында тапшы болып отырған білікті мамандарды даярлау мәселесін қамтамасыз етіп, заманауи технологиялар әлемінде жастарға биік белестерге жетуге жағдай жасайды.

Студенттер техникалық сервистік қызмет көрсету саласының қыр-сырымен танысып, Samsung сандық техникасының жөндеу машығын игеруге мүмкіндік алады.

Өз кезегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері зертханада бағдарламалық қамту, сандық-коммуникациялық технологиялар мен сандық шешімдер саласында бірлескен қолданбалы зерттеулер жүргізумен айналыспақ.

Бұл университеттің ірі халықаралық компаниямен бірлесіп жасаған екінші жобасы. Халықаралық нарықта электрониканы шығару жағынан көшбасшы болып саналатын Samsung Electronics Central Eurasia ҚазҰУ-ке Smart Class жабдығының екі данасын сыйлап, велосипед үшін 100 тұрақты дайындады.

Салтанатты ашылу рәсімі 29 қыркүйекте сағат 11.00 аль-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінде өтеді.

ҚазҰУ-баспасөз қызметі