ҚазҰУ-да «ЭКСПО–2017 – адами капиталының тұрақты дамуының медиа алаңы» атты конференция өтеді.

25.09.2015

Көрулер: 3473

2018 жылғы 28 қыркүйекте сағат 10.00-де «ЭКСПО–2017 – адами капиталының тұрақты дамуының медиа алаңы» атты республикалық ғылыми конференция өтеді.

Ғылыми конференция бағыттары:

  • Smart идеядан – smart технологияға: болашақ медиасы;
  • БАҚ және әлемдік дағдарыс тұрақты даму мәселелері;
  • «Болашақтың энергиясы» мәселелерін көтерудегі медиабілім мен медиасауаттылықтың рөлі;
  • «ЭКСПО – 2017» алаңы: сандық дәуірдегі идеялар мен технологиялар генерациясы.

Республикалық конференцияға зерттеуші ғалымдар, еліміздің БАҚ өкілдері қатысады.

Ұйымдастырушы: «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі. Іс-шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қолдауымен өткізіледі.

Іс - шара өтетін орын: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ректорат ғимаратының мәжіліс залы/ 15-қабат/

Аккредитация телефондары:

+7 (7172) 28 40 93

+7777999 86 56

+7707700 86 56

asemkgr@mail.ru

Әсем Есілбаева