Қазақстанда отбасы күні мерекесі

11.09.2015

Көрулер: 3739

Қазақстанда отбасы күні мерекесіне орай ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің оқытушылары, студенттері, магистранттары М.Горький атындағы Мәдениет және демалыс саябағында13 қыркүйек сағ. 1100-1700-де отбасы күні мерекесіне қатысады.

Шараны ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Әкімшілігінің Мәдениет басқармасы, Орта Азия және Қазақстандағы Отбасы институты.

Мерекелік бағдарламада:

1) «Отбасын құруға дайындық», «Жанжалдарды алдын алу әдістері», «Отбасындағы қарым-қатынас», «Балаларды тәрбиелеу құпиялары» атты тақырыптарда тренингтер жүргізіледі;

2) Психологтармен, отбасы кеңесшілерімен, психотерапевтермен және медиаторлармен жеке кеңестер жүргізіледі;

3) Отбасылық жұптарға арналған ойындар, эстафеталар, байқаулар, әкелер мен балаларға арналған ойындар т.б жүргізіледі.

4) Отбасы, неке, тәрбие мәселелері бойынша кітап көрмесі өтеді.

Барлық қатысушыларды шақырамыз!

Жауапты: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті М.П. Қабақовадан (8701756 0547, 8707756 0547) алуға болады.

Философия және саясаттану факультеті