Конституциясының 20 жылдық мерей тойына арналған дөңгелек үстел өткізеді

27.08.2015

Көрулер: 3315

28 тамызда 2015 ж. сағат 11:30-да (Ғылыми кітапханасы, Конференц-зал) ҚазҰУ-дың заң факультеті мен философия және политология факультеті ҚР Конституциясының 20 жылдық мерей тойына арналған «ҚР Конституциясы – қазақ мемлекеттілігі мен заңдарының тұрақты дамуының саяси-құқықтық негізі» атты дөңгеле үстел өткізеді.

Кездесуге Қазақстанның және шетелдердің алдыңғы қатарлы ғалым заңгерлері, ғылыми зерттеу институттарының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың, саяси паратиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жоғарғы оқу орындардың оқытушылары қатысады.

Кездесу барысында конституциялық заңның дамуының өзекті мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар, бұл кездесуде келесідей сұрақтар қарастырылады: Президенттің «Нұрлы жол» жолдауы аясында 1995 ж. ҚР Конституциясын тікелей жүзеге асыру ерекшелігі; 1995 ж. Конституция – ҚР-сының тұрақты дамуын анықтайтын акт; Конституция және «Қазақстан 2050» Стратегиясының жүзеге асырылуын құқықтық қамтамасыз ету; ҚР-ның Конституциясы - ҚР азаматтарының бостандықтары мен құқықтарын қорғау, кепілдік жасау механизмінің негізгі элементі; Конституциялық заңның теориялық, практикалық және тарихи даму мәселелері; ҚР-дағы сайлау жүйесінің мәселелері мен ерекшеліктері; ҚР-дағы заңдық жүйе: даму мәселелері; ҚР-ның мемлекеттік органдар жүйесінің конституциялық-құқықтық негіздерін жетілдіру; ҚР-дағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы мен қалыптасуы

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарлсуларыңызға болады: 8 (727) 377-33-35 (1255), (1256).

Заң факультеті