ІII халықаралық Журналистика және коммуникация Жазғы мектебі өтеді.

26.06.2015

Көрулер: 3779

2015 жылдың 9 -12 шілде аралығында БҰҰ-ның 70 жылдығына, ЮНЕСКО медиа және ақпараттық сауаттылықтың жаһандық апталығы, БҰҰ 2015 жылдан кейінгі даму мақсатында жаһандық кеңес беру үдерісі аясында «ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МЕДИА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ: МАҚСАТ НЕМЕСЕ ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ ҚҰРАЛЫ» атты III Журналистика және коммуникация Жазғы мектебі өтеді.

Жазғы мектепті ұйымдастырушылар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ«Медиасфера» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығы, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы, БҰҰ Ақпараттық Бюросы; «Инвестор Альянсы» РҚБ «Қазақстан – 2050 жалпыұлттық қозғалысы, АҚ «Бас редакторлар клубы».

Жазғы мектеп шеберлік сыныптары: медиасауаттылық жүйесі, сөз бостандығы мен ақпарат таратудағы сауаттылық жүйесі, жаңалықтағы сауаттылық жүйесі мен семинар-тренингтер: «Гуттенберг галактикасы» медиасауаттылықтың жаңа кезеңі, «Маркони Галактикасы» — қазіргі заманғы электронды сауаттылық аясында өтеді.

Үзілісте студенттер Қызылорда облысының этно-мәдени топ орындаушыларының бірегей әуенін ести алады.Ақпараттық сауаттылығын, интернет сауаттылығы мен жаңалықтар туралы дәрістер, сондай-ақ сөйлеу және ақпарат бостандығы саласындағы сауаттылық бойынша семинарлар болады.

ЮНЕСКО Алматы Кластерлік Бюросы Қазақстан Республикасының үкіметі және ҚР БҰҰ агенттігі: ЮНЕСКО, БҰҰ ДБ, ЮНФПА, БҰҰ және Әйелдер, ДДҰ и ЮНИСЕФ бірлесе жүзеге асып отырған «Қызылорда облысының өмір сүру деңгейін инновациялық шараларды ұйымдастыру арқылы экономикалық, әлеуметтік, және экологиялық осал қызметтерді көтеру» бағдарламасын қолдап, үлесқосып отыр.

Бағдарламаның жүзеге асу мерзімі: 2014 жылдың шілдесінен 2016 жылдың желтоқсанына дейін.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ыстықкөлдегі спорт-сауықтыру кешені, Қырғызстан, с. Бөзтері, 9 - 12 шілде 2015 ж.

Курсқа жазылу мен бағдарламаға қатысуға ұсыныстарын www.intelligent.kz сайтынан біле аласыздар.

Байланыс үшін: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Медиасфера» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығы.

Султанбаева Г.С. +77372211492, моб: +77074143415; +77011527488
e-mail: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, sultanbaeva_g@mail.ru

Журналистика факультеті