«Қазақ хандығы: тарих, теория және бүгінгі күн» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

03.06.2015

Көрулер: 4006

5 маусымда 2015 ж. сағ. 11:00-де (Ректорат 15 қабат) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына орай «Қазақ хандығы: тарих, теория және бүгінгі күн» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Ұйымдастырушылар - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты.

Пленарлық отырыс ректораттың 15 қабатында, 5 маусым сағат 11.00 басталады.

Тарихи құбылыстардың қалыптасу, даму және күйреу кезеңдері болатыны секілді, Қазақ хандығының да тарихы халықтың, қоғамның саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани мәселелерімен тығыз байланыста дамып, өзгеріп отырды. Осы негізде, конференцияның мақсаты - әр мәселенің түйінді тұстарын ғылыми тұрғыдан негіздеп, жаңа көзқарас тұрғысынан талдап, Қазақ хандығының тарихы арқылы Қазақстан аумағындағы мемлекеттілік мәселесін нақтап қорытындылау және сол негізде қоғамды мемлекетшілдік идеяға жұмылдыру, жас буынды өз мемлекетін сүюге, ұлтжандылыққа баулу.

Конференция аясында Қазақ хандығының құрылуы мен тарихи дамуының өзекті мәселелерін талдауға бағытталған төмендегідей секциялар жұмысы жоспарланған: Қазақ хандығы қалыптасуының алғышарттары және саяси-этникалық негіздері; Қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасы; Қазақ хандығығының қалыптасуы, дамуы және жойылуының тарихи-методологиялық мәселелері; Қазақ хандығы және тәуелсіз Қазақстан: тарихи сабақтастық және қазіргі мемлекеттілік мәселелері.

Модератор әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мұтанов. Конференция жұмысына Германия, Испания, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан ғалымдары, Қазақстанның ЖОО қызметкерлері, мемлекет қайраткерлері мен ғылыми зерттеу институттарының басшылары және ҚазҰУ-нің ғалымдары мен ұстаздары қатысады.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Байланыс телефондары: 140000, Алматы қ-сы, аль-Фараби даңғылы №71, ГУК 3, каб. 4-7, тел.: +7 7273337730 (ішкі. 12-87, 12-86), e-mail: ako-79@mail.ru, Уразбаева Ақжамал Машруповна

ҚазҰУ Баспасөз қызметі