Университеттік баспа үйі халықаралық көрмеде өз кітап өнімдерін ұсынады

08.04.2015

Көрулер: 3865

9-11 сәуір аралығында Республикамыздағы университеттік ірі баспалардың арасында үздік деп танылған «Қазақ университеті» баспа үйі VIII рет өткізілгелі отырған «Ұлы Жібек жолымен» кітап және полиграфия көрмесіне қатысады.

Шара аясында білікті баспагерлер қазіргі өркениет заманындағы кітап және баспа өнімдерін шығару мәселелері турасында өздерінің ой-пікірлерімен алмасады.

«Қазақ университеті» баспа үйі өз өнімдерін ұсынып, әріптес «Konika Мinolta» компаниясының жаңа жабдықтарын көрсетеді.

9 сәуір күні сағ. 10.30. «Қазіргі қоғамдағы неке және отбасы» тақырыбын әлеуметтік, заңдық, психологиялық тұрғыдан зерттеп, ғылыми еңбектері баспамыздан шыққан А.Р. Масалимова, М.П. Кабакова, З.Ж. Жаназарова, И.В. Межибовская, Д.У. Рыскалиев сынды авторлармен сұхбат өтеді.

9-10 сәуірде сағ. 12.00. және 16.00 баспа үйінен еңбектерін басып шығаруды қалайтын авторлар мен кітапхана меңгерушілеріне «Клуб картасы» және «ҚазҰУ-2015 кітаптарына жазылу» атты презентациялар өткізілмек.

Сондай-ақ «Қазақ университеті» баспа үйі түрлі ұтыс ойындарын, қайырымдылық акциялары мен қызықты іс-шаралар ұйымдастырады. Көрме қатысушылары «Ақылгөй», «Ең үздік» атты викториналарға қатысып, жүлделі сыйлықтар ұтып ала алады.

Мекенжайы: «Атакент» сауда-көрме орталығы, 9 А-павильон, 9-11 сәуір 2015 ж.

«Қазақ университеті» баспа үйі стенді - № 959.