ҚазҰУ-да КТК чемпионатының финалы өтеді

01.04.2015

Көрулер: 2463

3 сәуір күні, сағат 17:00 –де ҚазҰУ-да Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен КТК чемпионатының финалы өтеді.


Шараның басты мақсаты тек әзілді алға тарту ғана емес, сонымен қатар жастардың өміріндегі басты шындықтарды, студенттік өмірдің ащы шындығын астарлап әзілмен жеткізе білу.

КТК жүргізушісі - Дастан Жайнақ. Финалда филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті («Таң қалмаңыз» командасы), Физика – техникалық факультеті («Физфак» құрамасы), философия және саясаттану факультеті («Әлем.kz» командасы), заң факультеті («Бәке, Мәке, Шәке» құрамасы), журналистика факультеті («Біздің құрама») командалары ойын көрсететін болады.
Финалисттерді анықтайтын әділ-қазылар алқасының құрамында елімізге танымал тұлғалар, КТК ойындарының майталмандары болады. Яғни, сол саланың майын ішкен, КТК-нің оңы мен солын танып білген қазылар жеңімпаздарды анықтайды.
Финалға көптеген еліміздің танымал тұлғалары, өнер жұлдыздары шақырылды. Атап айтқанда Еркебұлан Мырзабек, Марат Қабанбаев, журналист Аман Тасыған, тележурналист Нұрсұлтан Құрман, актер Артур Төлепов, әнші Рысбек Айдарбек және өзге де тұлғалар. Жеңімпаздарды арнайы «Сұңқар» студенттер кәсіподағы дайындаған бағалы, ақшалай жүлделермен марапаттайды.

Баспасөз қызметі