VII «Жас тілшілер» форумы және II «Жас репортер» шоу-кейс фестивалі, ІІ «Медиалэнд» интеллектуалды белсенділік күндері өтеді

28.03.2015

Көрулер: 2732

2015 жылы 30 наурызда (сағат 10:00) Республикалық «Қазақ радиосы» және «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері ақпараттық демеушілігімен; әл-Фараби орталығы; әл-Фараби мұражайы; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайы; «Сұңқар» студенттік кәсіподақ комитеті қолдауымен журналистика факультетінде дәстүрлі VII «Жас тілшілер» форумы және II «Жас репортер» шоу-кейс фестивалі, ІІ «Медиалэнд» интеллектуалды белсенділік күндері өтеді.

2015 жылы 30 наурыз сағат 10.00-де № 3 дәріс залында форумның ашылу салтанаты өтеді.

Республикалық мектеп оқушылары арасында өткен «Журналист болғың келе ме?», «Жас репортер», «әл-Фараби мұрасы», «Ұлы жеңіске тағзым» байқаулары қорытындысы бойынша ең үздік жұмыстардың таныстырылымы және жеңімпаздардын:

1-орын Дана Маратова, Әлия Іңкәрбек, Жансая Себепова;

2-орын Лунара Аманғалиева, Мәуленұлы Азамат, Бөкенбай Ерасыл;

3-орын Мәмбетхан Адиа, Әшімақын Ақерке, Абылайхан Өмірбаев, Болат Абдрахман дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Шараның екінші күні елімізге танымал журналистердің «Журналистика әліпбиі» циклі бойынша шеберлік-сыныптары өтеді. Үшкүндік шара барысында еліміздің барлық аймақтарынан келген мектеп оқушылары «Қазақ радиосы», «Ұлан», «Дружные ребята» редакцияларында қонақта болады.

Мәдени бағдарлама аясында форум қатысушылары әл-Фараби ҚазҰУ кампусына пресс-тур, М.Әуезов драма театры және Н.Сац атындағы орыс Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған театры қойылымдарын тамашалайды.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті, № 3 дәріс залы (қазақ тіліндегі панель), Т. Қожакеев атындағы Акт зал № 230 (орыс тіліндегі панель).

Үйлестірушілер: Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы +77273773334-1351, 13-46; +7727211492

Профессор Гүлмира Сұлтанбаева + 77011527488

Аға оқытушы Нода Лариса Павловна +77013269167;

e-mail: anod.64@mail.ru