Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Біз жанбасақ лапылдап» атты республикалық жас ақындар мүшайрасының қорытындысы өтеді

30.03.2015

Көрулер: 2466

31 наурыз 2015 жылы сағат 11:30-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің Т. Қожакеев акті залында (230 ауд.) Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Біз жанбасақ лапылдап» атты республикалық жас ақындар мүшайрасының қорытындысы өтеді.

Шараның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойындағы патриотизм ұшқынын жалындатып, ұлтжанды азамат егемен елдің ертеңі екенін сезіндіру. Студент кездегі жастық жалынына оранған жігерлі жырларды, тұмса бұлақтай мөлдір өлеңдерді насихаттау және ақындарды ынталандыру.


Мүшәйраға ақындар мынадай үш тақырыптағы өлеңдерін жолдады:
1.Қазақ хандығына – 550 жыл (Қазақ жұртының 1465 жылдан бүгінге дейінгі қайғысы мен қуанышы, ертеңгі болашағы студенттер көзімен.)
2. Студенттік өмір
3. Еркін тақырып.

Мүшайраға Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз, Павлодар, Семей, Қарағанды, Ақтөбе, Орал т.б. қалалардан 40-қа жуық шығарма келіп түсті.

Қазылар алқасы: Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ (төрағасы), Журналистика факультетінің деканы, ақын Сағатбек МЕДЕУБЕК, «Ақиқат» журналының бас редакторы, ақын Аманхан ӘЛІМ, «Қазығұрт» баспасының директоры, ақын Темірғали КӨПБАЕВ, «Қазақ үні» газетінің бас редакторы, ақын Қазыбек ИСА, ақын Талапбек ТЫНЫСБЕК. Сонымен қатар, сарапшылар ретінде тарихшылар – т.ғ.д., профессор Талас ОМАРБЕКОВ, т.ғ.д., профессор Берекет КӘРІБАЕВ сөз сөйлейді.

Ұйымдастырушы: Журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, «Сұңқар» студенттер кәсіподағы.

Өтетін орны: Журналистика факультеті Т. Қожакеев акті залында 230

Байланыс телефон: 8702740 55 90