«Армысың, Әз-Наурыз! » атты студенттер қалашығының наурыз мейрамы өтеді

20.03.2015

Көрулер: 2780

21 наурыз 2015 жылы сағат 10.00-де Студенттердің жастар алаңында «Армысың, Әз-Наурыз!» атты студенттер қалашығының наурыз мейрамы өтеді. Мерекелік іс-шарада қазақ халқының салт-дәстүрінен (тұсаукесер, беташар т.б.) сахналандырылған қойылым көрсетіледі. Алтыбақан, қазақша күрес, кір тасын көтеру, арқан тартыс сынды спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылады.

ҚазҰУ қалашығында орналасқан барлық Студенттер үйінің дайындаған «наурыз көжесі» таратылады. Мерекеде танымал әртістер мен ҚазҰУ ұжымы қызметкерлері өз өнерлерін паш етеді. Шараға екі мың адам қатысады деп жоспарлануда.

Ұйымдастырушы: Студенттер қалашығының директоры Ә.Ә. Сейтжанов.

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Студенттердің жастар алаңы».

Мерзімі: 21.03.2015 ж, сағат: 10:00-де.

Байланыс телефон: 8 701 717 75 74