Профессор Н.Т.Тормановтың 75 жылдық мерейтойына арналған Республикалық ғылыми конференция өтеді

20.03.2015

Көрулер: 4007

2015 жыл 27 наурыз күні сағат 15:00-де биология және биотехнология факультетінде (№427 ауд.) биофизика және биомедицина кафедрасы ҚазҰУ профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Нұртай Торманұлы Тормановтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи биология ғылымының өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми конференция өтеді.

Профессор Торманов Н. университетте 1965 жылдан бастап жұмыс жасайды. 1975 жылдан бастап ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Адам және жануарлар физиологиясы және биофизика кафедрасының аға оқытушы, содан кейін доцент және профессор болды. 1975 жылдан 1980 жылға дейін сыртқы-кешкі биолого-географиялық факультеттің деканы, 1980-1990 жж. ҚазҰУ биология факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды. 1990 жылдан 1995 жылға дейін факультетте биологияны оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі болды. Оның 180-нен астам ғылыми еңбектері жарыққа шықты, оның ішінде 40-қа жуығы – оқулықтар, оқу әдістемелік және оқу құралдары. Қазақстан Республикасының жоо арналған гуманитарлық және жаратылыстану бағыттары, «Жас физиологиясы және валеология», «Адам және жануарлар физиологиясы», «Биологияны оқыту әдістемесі» пәндері бойынша типтік оқу бағдарламасын жасауға қатысты. Торманов Н. үнемі факультет пен университеттің қоғамдық өміріне белсене араласады және РҚ БҒМ-нің Ұлттық тестілеу орталығының сарапшы комиссиясының мүшесі болып табылады.

1994 және 1997 жылдары «ҚР білім озаты» төс белгісімен марапатталды. 2009 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды. 2014 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мерейтойлық медалімен марапатталды.

Толығырақ ақпарат үшін хабарласу тел: 8 (727) 377-33-34 (ішкі - 1209), кафедраның аға оқытушысы Атамбаева Г.Қ.

Биофизика және биомедицина кафедрасы