Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айбар Олжаймен кездесу өтеді

26.02.2015

Көрулер: 2660

2015 жылдың 27 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының «PR мектебі» үйірмесінің ұйымдастыруымен факультеттің Баспасөз Орталығында Алматы қаласы Әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айбар Қайнарұлы Олжаймен кездесу болады.

Осы басқосуда Баспасөз қызметі, оның ішінде мемлекеттік ұйымдардағы қызметі және бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз бөлімінің жұмысы жайында әңгіме қозғалмақ. Келем деушілерге есік ашық.

Ұйымдастырушылар: ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушылары Ш.С.Нұржанова, А.А.Сәдуақасов.

Журналистика факультеті, 201 аудитория, баспасөз орталығы, сағ.: 16:00.