"Білім беру жүйесіндегі дене шынықтыру және спорт" халықаралық конференциясы

09.02.2022

Көрулер: 2989

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірге Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы «Білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесі және спорт: тәжірибе және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді жоспарлап отыр.

 

Конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Литва Республикасының университет профессорлары, мектеп оқытушылары, студенттері, магистранттары, докторанттары және жас ғалымдары шақырылады. Конференция 2022 жылдың 10 ақпанында өтеді.

 

Конференцияның негізгі мақсаттары мен міндеттері:

– білім беру жүйесінің әртүрлі бөлімдеріндегі дене тәрбиесі мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік және практикалық жұмыстарын дамыту және жетілдіру;

– мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесін тарату;

– инновациялық технологияларды қолдану арқылы мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін арттыру;

– оқу процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы формалары мен әдістері.

 

Конференция бөлімдері:

– дене тәрбиесі және спорт саласындағы болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы заманауи тәсілдер;

–мектепке дейінгі, мектептегі, ЖОО дене тәрбиесінің теориялық, әдістемелік және практикалық аспектілерін жетілдіру.

–білім беру жүйесіндегі БДМ жағдайы мен мәселелері.

 

Негізгі тақырыптар:

1. Дене тәрбиесі және спорт мамандарын даярлау.

2. Оқу орындарында «Дене тәрбиесі» пәнін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері.

3. Болашақ дене тәрбиесі және спорт маманын тәрбиелеудегі құзіреттілік тәсілі.

4. ДТжС мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын жобалау.

5. Балабақшада, мектепте, жоғары оқу орындарында дене тәрбиесін оқытудың заманауи және инновациялық әдістері.

6. Дене тәрбиесі сабақтарын қашықтықтан форматын өткізудің әдістемелік тәсілдері.

7. Қазіргі кезеңдегі дене тәрбиесі және спорттың өзекті мәселелері.

8. «Дене тәрбиесі» пәні бойынша оқу үрдісіндегі жаңалықтар және жастарды спорт пен дене тәрбиесіне баулудың жаңа формалары мен жолдарын іздестіру.

9. Дене тәрбиесі және спорттық жаттығулардың медико-биологиялық аспектілері.

10. Оқушылар мен студенттердің дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастырудың денсаулықты қалыптастыратын және денсаулық сақтау технологиялары.

11. Қазақстан Республикасындағы бейімді дене тәрбиесінің қазіргі жағдайы мен мәселелері.

12. Инклюзивті білім беру жүйесінде дене тәрбиесі сабағын оқыту әдістемесі.

13. Мектептер мен жоғары оқу орындарындағы арнайы медициналық топтарда оқытудың ұйымдастыру-әдістемелік ерекшеліктері.

 

     Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ZOOM платформасында онлайн режимінде өтеді. Іс-шара қазақ және орыс тілдерінде өтеді.