Startup Bolashaq реалити-шоуының 5-ші маусымына шақырамыз!

04.02.2022

Көрулер: 2413

«Болашақ» қауымдастығының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған Startup Bolashaq республикалық бизнес-жобалар байқауының 5-ші маусымы басталуға жақын.

Байқаудың мақсаты – кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын қолдау, адамдарды кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік құралдары туралы хабардар ету. Ұйымдастырушылар Қазақстанның түрлі экономика секторлары мен өңірлерінен инвестициялық қаржыландыруды талап ететін кез келген бизнес-жобаларды қатысуға шақырады. Оған ісін жаңа бастаған, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер де өз бизнесін дамыту және кеңейту мақсатында қатыса алады. Биылғы жылдың ерекшелігі – қатысушылардың жасына шектеулер жоқ.

Инвесторлар үшін әлеуетті ең тиімді 10 бизнес-жоба 100 000 000 теңге сыйақы алады.

Startup Bolashaq байқауының 5-ші маусымы Dragons' Den әлемдік реалити-шоу форматында өтеді. Мұндай бизнес-телешоулар, өз жобаларын инвестициялық қаржыландыруға қол жеткізу үшін инвесторлар тобына түрлі бизнес-идеяларды ұсынады.

Осы маусымда бизнес-қолдаушылар ретінде беделді қазақстандық бизнесмендер мен меценаттар – Ерлан Исекешев, Мұрат Әбдірахманов, Арманжан Байтасов, Гаухар Қаппарова, Тимур Турлов, Динара Сәтжан, Бейбіт Әлібеков, Қаныш Төлеушин және басқалар өнер көрсетеді.

Startup Bolashaq байқауы кәсіпкерлік мәдениетін насихаттайды және елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін табысты бизнес-шешімдерді қолдайды.

Жоба бірнеше кезең бойынша өтеді. Қатысушыларды реалити-шоу форматында түсірілім, сондай-ақ финалистерге өз армандарының бизнесін құру үшін инвестициялық қолдау көрсететін еліміздің танымал, іскер адамдарының тәлімгерлік және консультациялық қолдауы күтеді.

 

Стартапты дәл қазір толыққанды бизнеске айналдырыңыз!

 

Өтінім беру мерзімі 2022 жылғы 28 ақпанға дейін.

Байқау шарттары: startup-bolashak.kz

Жобаның барлық мәліметтері: @startup.bolashaq

 

Біздің бизнес-қолдаушыларымыз:

Арманжан Байтасов

https://www.instagram.com/p/CY3wLAusa8Y/?utm_medium=copy_link

Динара Сәтжан

https://www.instagram.com/p/CZQvrYeq_x6/?utm_medium=copy_link

Бейбіт Әлібеков

https://www.instagram.com/p/CZRicgtNvGG/?utm_medium=copy_link

Қайрат Құдайберген

https://www.instagram.com/p/CY1TJSyNmPP/?utm_medium=copy_link