ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНАСЫ

20.01.2022

Көрулер: 3681

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да электронды кітапхана қызмет атқарады және келесі бөлімдерді қамтиды:

▪ «Кітаптар қоры»

▪ «Мерзімді басылымдар»

▪ «Сирек басылымдар қоры»

▪ «Мақалалар картотекасы»

▪ «Диссертациялар»

▪ «Авторефераттар»

 

     Электронды кітапханада жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық және инженерлік-техникалық бағыттар бойынша кең спектрлі ресурстар ұсынылған.

 

     Жалпы 500 мыңнан астам әдебиеттер және 16 мыңнан астам толық мәтінді ресурстар ұсынылған.

 

     Электронды кітапхана  https://elibrary.kaznu.kz/ru/ сілтемесімен қолжетімді.

     Толық мәтінді мәліметтер базасы https://elib.kaznu.kz/ сілтемесі бойынша қолжетімді.

 

      Электронды кітапхана тіркеуден өткен барлық пайдаланушыларға қолжетімді.

 

      Барлық оқырмандарды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың электронды кітапханасын белсенді пайдалануға шақырамыз!

і пайдалануға шақырамыз!