Қайта екпе алуға шақырамыз!

18.01.2022

Көрулер: 3331

Қазіргі таңда пандемия жағдайында әлемнің барлық елдерінің алдында ревакцинация мәселесі тұр.

Сондықтан, 2021 жылдың ақпан-шілде аралығында коронавирус індетіне қарсы екпе алғандар осы жылдың 31 қаңтарына дейін ревакцинациядан өтуі тиіс.

Ревакцинациялау кезінде вакцинаның 1 ғана компоненті алынады.

Коронавирус инфекциясынан қорғанудың негізгі тиімді құралы – вакцина алу мен ревакцинация.

Алдын ала деректер бойынша – ревакцинация екінші дозадан кейін 6 айдан соң жүргізілетін болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы мен білім алушы жастар «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында орналасқан Медициналық орталықта екпе ала алады. Орталықта QazVak және Vero Cell вакцинасы бар.

Аптаның жұмыс күндерінде сағат 9.00-16.00 ге дейін медициналық орталықта ревакцинация жасатуға болады.

Байланыс телефондары: 8 (727) 377 33 33, ішкі:1444