Балаларды жаңа жылдық қойылымға шақырамыз

24.12.2021

Көрулер: 1823

2021 жылы 25 желтоқсан күні сағат 12.30-да Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық қойылым болады. Мерекеге орай «Бәйтерек» театры балалар назарына «Жаңа жылдың құпиясы» атты жаңа жылдық ертегіні ұсынады.

Бұл – балалардың сүйікті кейіпкерлері бейнеленген заманауи музыкалық театрландырылған қойылым.

Ертегі желісі балаларды шексіз қиял әлеміне жетелейді. Ежелгі заманнан бері әртүрлі ертегі кейіпкерлері мен сиқырлы жаратылыстар Эрагорн деп аталатын сиқырлы ертегілер елінде бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді. Басқалар сияқты бұл елдің тұрғындары да Жаңа жылды қарсы алуға дайындалуда. Бірақ зұлым Гринч Жаңа жылды тойлауды ұнатпайды және бұл мерекені ұрлауды шешеді. Қойылым кейіпкерлері Жаңа жылды барлық ертегі кейіпкерлерінен айырғысы келетін арамза Гринчтің ізімен жүреді. Оларды ұзақ және қиын жол күтіп тұр.

«Бәйтерек» театры қызықты сюжет, әдемі костюм, түрлі-түсті және жарқын декорацияларымен және интерактивті бағдарламасымен барша көрерменді асыға күтеді.

Қойылым университет қызметкерлері балаларына тегін.

ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы