Жас ғалымдар назарына!

10.12.2021

Көрулер: 2550

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Жас ғалым» жобасы бойынша постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру үшін 2022-2024 жылдарға арналған конкурс жариялайды.

Конкурстық құжаттамаға сәйкес, ғылымды дамытудың басым бағыттары:

– су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;

– геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

– энергетика және машина жасау;

– жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

– агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;

– өмір және денсаулық туралы ғылым;

– ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

– әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

– білім және ғылым саласындағы зерттеулер;

– ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, сонымен қатар мамандандырылған ғылыми бағыттар.

Толық ақпарат ҚР БҒМ сайтында:

https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/press/news/details/297555?lang=kk

Өтінімдер қабылдау бүгін басталып, 2022 жылдың 11 қаңтарында (қоса алғанда) аяқталады.