Ақпараттық хат

02.12.2021

Көрулер: 2206

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің» Алматы қаласы бойынша департаментімен және "Sanaly urpaq" Республикалық жобалық кеңсесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері арасында "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері" пәні бойынша Республикалық оn-line олимпиадасын өткізеді.

Олимпиаданы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар" ғылыми-зерттеу институты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клубы өткізеді.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Олимпиада тілдері: қазақ, орыс.

On-line олимпиаданы өткізу туралы бейнеақпарат келесі сілтеме бойынша қолжетімді:

( https://drive.google.com/file/d/1-Xb95gSjEcuNx6lS437203T5Guj-7vPr/view?usp=sharing )

Онлайн тестілеуден өту үшін алдымен төменде көрсетілген сайтта тіркелу қажет       (https://online-test.kaznu.kz/)

Олимпиаданың мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; парасаттылықты қалыптастыру және дамыту, ең дарынды және талантты студенттерді іріктеу және қолдау.

Олимпиаданы өткізу тәртібі:

Бірінші кезең - 2021 жылғы 23-29 қараша аралығында олимпиадаға қатысушыларды on-line тіркеу.

Екінші кезең - Тікелей Олимпиада, екі турда өткізіледі.

Бірінші тур - тестілеу 2021 жылғы 2 желтоқсанда сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін. 60 тест сұрақтары, сұрақтарды шешуге бөлінген уақыт - 60 минут. Тест сұрағына бір дұрыс жауап бір баллға тең. Ең жоғарғы саны-60 балл. 30 және одан жоғары балл жинаған студенттер екінші турға жіберіледі.

Екінші тур - 2021 жылғы 3-6 желтоқсан аралығында on-line режимінде өткізіледі. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізі ретінде парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және дамыту" тақырыбына ғылыми жобаның бейнефайлын ұсыну (жүктеу) қажет. Бейне файлдың максималды уақыты-3 минут. Жұмыстар поштаға жіберілуі керек oss.kenfly@gmail.com

  • § Екінші турды бағалау критерийлері:
  • § Ұсынылған материалдың өзектілігі, формасы мен сапасы-25 балл;
  • § Жобаның ғылыми жаңалығы-25 ұпай;
  • § Жобаның бірегейлігі мен креативтілігі-25 балл;

Жобаның практикалық маңыздылығы – 25 балл .

Ең көп ұпай саны – 100.

Олимпиадаға қатысуға белгіленген тәртіпте қатысуға өтінім берген ҚР ЖОО бакалавриатының 1-4 курс студенттері жіберіледі.

ЖОО басшылығы бекіткен өтінім, барлық қатысушылардың аты-жөндері, телефон номерлері электрондық поштаға жіберіледі. Бір ЖОО-дан 10 адамға дейін қатысуға рұқсат етіледі. Олимпиаданы өткізу кезеңінде қатысушылардың құрамын өзгертуге болмайды.

Қатысушылардың жеке нәтижелері олимпиаданың екінші кезеңінің екі турының нәтижелері бойынша жиынтық баллдың қорытындысы бойынша анықталады. Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары 1-ші (бір студенттен артық емес), 2-ші (екі студенттен артық емес), 3-ші (үш студенттен артық емес) дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылдың 8 желтоқсанында.

Командалар басшылары мен қатысушылардың іссапар шығыстары (жол жүру, тұру, тәуліктік) жіберуші ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Олимпиада Үйлестірушісі-Усеинова Қарлығаш Рахымжанқызы.

Эл пошта – karlygash_usein@mail.ru Тел: +7718018688, +77787366696