ҚазҰУ-да жас кәсіпкерлер форумы өтеді

29.11.2021

Көрулер: 2208

30 қараша күні сағат 10:00-де Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жас кәсіпкерлер форумы өтеді.

 

Спикерлер ретінде Нұрлан Смағұлов, Арманжан Байтасов, Асылбек Қожахметов, Әлішер Елікбаев, Қайрат Құдайберген, Бейбіт Әлібеков, Лян Ларион, Дәулет Мұқаев және т.б. танымал кәсіпкерлер сөз сөйлейді. Шара барысында кәсіпкерлер өздерінің жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы айтып береді.  

 

Шараға қатысатыныңызды farabipress@gmail.com поштасы арқылы растап, алдын ала хабарлауды сұраймыз.

 

 

Мекенжайы:

Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы

Байланыс тел: +7(727)377-31-48;

8-777-222-87-64; 8-701-424-95-58

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі