ҚазҰУ-да «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» республикалық жастар форумы өтеді

24.11.2021

Көрулер: 2009

25 қараша күні сағат 15:00-де Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» IX республикалық патриот жастардың GALA-форумының салтанатты ашылуы өтеді.

Шара барысында «Мен жастарға сенемін!» республикалық форумының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Айтулы шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Айжан Сқақова, ҚР Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет қатысады.

 

Шараға қатысатыныңызды farabipress@gmail.com поштасы арқылы растап, алдын ала хабарлауды сұраймыз.

 

Мекенжайы:

Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы 

Байланыс тел: +7(727)377-31-48;

8-777-222-87-64; 8-701-424-95-58

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі