Сартаев оқулары – 2021

23.11.2021

Көрулер: 2122

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сіздерді 2021 жылғы 26 қарашада сағат 15-00-де өтетін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Сартаев оқулары – 2021: Қазақстан Республикасының егеменді   мемлекет ретінде дамуының қазіргі таңдағы жағдайы, жаңа идеялар мен құқықтық тәжірибелер сабақтастығы» жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.           

Конференцияда келесі мәселелерді қарастыру жоспарлануда:

  • ·  Қазақстан Республикасында және шет елдерде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру проблемалары;
  • ·  академик С. С. Сартаевтың егеменді және Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына негіз болған құқықтық мемлекеттің қалыптасуы туралы идеялары;
  • ·  құқықтық мемлекеттің негізі ретінде заң ғылымы мен заң білімін дамыту;
  • ·  академик С. С. Сартаевтың саяси-құқықтық көзқарастарының қазіргі Қазақстанның студент жастарының құқықтық және адамгершілік санасын қалыптастыруға және тәрбиелеуге әсері.                                                       
  •  Конференцияға ҚР жоғарғы және жергілікті заң шығарушы, сот және атқарушы билік органдарының өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар, азаматтық қауымдастық өкілдері, ЖОО мен БАҚ өкілдері қатысады.

Ұйымдастыру комитеті конференцияны өткізгеннен кейін материалдар жинағын шығаруды жоспарлап отыр (электронды түрде ISBN халықаралық нөмірін бере отырып).                      

Сіздің қатысуыңызды растау үшін, сондай-ақ барлық ұйымдастыру сұрақтары бойынша ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз. Конференция материалдарын ресімдеуге қойылатын талаптар қосымшада көрсетіледі.

Конференцияны «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «Ел тұтқа» клубы бірлесіп өткізеді.

Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.                                                                                                                         Конференция онлайн форматта өтеді: Zoom платформасында;

Идентификатор және қосылу коды: Zoom конференциясына қосылу
https://us02web.zoom.us/j/86066643674?pwd=VXVZRTNQQ0szaG5nbmg3d2JEUGhUZz09 Конференция идентификаторы860 6664 3674 Қосылу коды: 1234

Үйлестіруші – Усеинова Қарлығаш Рахымжанқызы.

Электронды мекен-жай – karlygash_usein@mail.ru  

 Ұялы.тел: +7 701 801 86 88, +7 778 736 66 96

ҚҰРМЕТПЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ!

Қосымша

Материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар:

  • ·Көлемі 8 бетке дейін
  • ·Microsoft Word 2003 және одан жоғары
  • ·Бет параметрлері: жоғарғы жиегі - 2 см, төменгі жиегі - 2 см, сол жағы - 3 см, оң жағы - 1,5 см.
  • ·Қаріп Times New Roman, Kz Times New Roman; қаріп мөлшері - 12pt
  • · Жоларалық интервал бір; азат жол шегінісі - 1 см; кітап бағдары; колонтитулдарсыз және Беттерді қоймастан; мәтін ені бойынша тураланған;
  • ·Мақалаға қосымша файлда авторлар туралы мәліметтер болуы керек (қатысуға өтінім); файлды өз тегіңізбен атаңыз. 

Қатысу шарттары:

Конференцияға қатысуға ниет білдірушілер 2021 жылдың 23 қарашасына дейін электрондық мекен-жайға жіберілуі тиіс:

-  Баяндаманы ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес келетін мәтін.

-  Конференцияға қатысуға өтінім.

Жоғарыда көрсетілген тармақтардың бірі болмаған жағдайда материалдар жариялауға қабылданбайды.

Конференцияға қатысуға өтінім:

Аты-жөні (толық түрде): ______________________________________________

Оқу немесе жұмыс орны: ______________________________________________

Лауазымы (білім алушылар үшін – курс), Ғылыми дәрежесі:________________

Байланыс телефондары: ______________________________________________

Электрондық пошта мекен-жайы (E-mail): ________________________________

                                       _________________________________________________

Білім алушылар үшін – Т.А.Ә., ғылыми дәрежесі, ғылыми жетекшінің ғылыми атағы

Ұйымдастыру комитетіне көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.                                                             

Құрметпен, Ұйымдастыру