Мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтеді

13.11.2021

Көрулер: 1816

2021 жылдың 24 қарашасында сағ.11.00-де көрнекті ғалым-археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері Карл Молдахметұлы Байпақовтың құрметіне орнатылған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Мемориалдық тақта орнатылған үйдің мекен-жайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Назарбаев даңғылы, 247 А (Әл-Фараби даңғылының қиылысы).