ЛИССАБОН ИНСТИТУТЫНДАҒЫ КӨКТЕМГІ СЕМЕСТР

10.11.2021

Көрулер: 2159

Құрметті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанттары!

 

Халықаралық байланыс департаменті 2021/22 оқу жылының көктемгі семестріне Erasmus+ халықаралық несиелік ұтқырлық жобасының аясында Лиссабондағы Iscte университетінің институтында (Лиссабон, Португалия) оқу мүмкіндігі туралы хабарлайды.

 

Iscte – Лиссабон университетінің институты мынадай салалар бойынша білім беру пәндерін ұсынады:

·        Ақпараттық ғылым және технология
·        Электротехника
·        Жасанды интеллект
·        Робототехника
·        Интеллектуалды басқару жүйелері
·        Үлкен деректерді талдау
·        Медицинадағы жасанды интеллект

 

Барлық үміткерлер тапсыратын жалпы құжаттар:

1. Сурет

2. Паспорт немесе жеке басын куәландыратын құжат

3. Транскрипті

4. Тілді меңгеру деңгейін анықтайтын сертификат (ағылшын тілі B2)

5. Ынталандыру хаты

 

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 23 қараша 2021 жыл

 

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық байланыс департаментімен (Бас әкімшілік ғимарат, 12-қабат, 1204 кабинет, тел. +7 (727) 3773333 (1167) хабарласуға болады.

 

Мансұрова Мәдина Есімханқызы,

Жасанды интеллект және Big data кафедрасының меңгерушісі

тел: +7 701 415 1960