«Менің шағын Отаным»

03.11.2021

Көрулер: 3493

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, қараша айының 3-5 күндері аралығында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты ІV республикалық зитякерлік конкурсын өткізеді.

Конкурстың қорытынды республикалық кезеңі екі тур бойынша өткізіледі:

І тур – Қазақстан тарихы пәні бойынша тест тапсыру;

ІІ тур – 4 номинация бойынша:

- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша - елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.);

- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша - автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау. (өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет);

- «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша - нысан макетін презентация түрінде таныстыру;

- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша - өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.

Конкурс қатысушыларының жұмысын еліміздегі ЖОО-ның білікті оқытушы-ғалымдары бағалайды.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО-ның бағалы сыйлықтарымен, грамоталарымен марапатталады.