Academic Collaboration Week

16.10.2021

Көрулер: 2657

18 қазанда ҚР жоғары экономикалық білім беру саласындағы 30 жылдағы жетістіктерді талқылауға арналған Academic Collaboration Week басталады. Academic Collaboration Week жұмысына шетелдік стратегиялық әріптес жоғары оқу орындарының өкілдері, жұмыс берушілер, түлектер мен жас кәсіпкерлер қатысады.

Мақсаты – ҚР-да 30 жыл ішінде жоғары экономикалық білім беру саласындағы жаңғырту мен жетістіктерді, әлемдегі экономикалық білім беруді дамытудың негізгі үрдістерін, университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторлары мен мүмкіндіктерін, сұранысқа ие инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен енгізудің өзекті аспектілерін талқылау. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесімен алмасу және тарату мақсатында тренинг (мастер-класс), түлектермен, жас кәсіпкерлермен және жұмыс берушілермен бизнес-диалог, шетелде оқыту кейстерін талқылау және шетелдік қонақтар үшін Campus Tour өткізілуде.

            Іс-шаралар:

Сессия 1. «Тәуелсіз Қазақстан: жоғары экономикалық білімді жаңғырту және ЖОО бәсекеге қабілеттілігі» халықаралық ғылыми-әдістемелік семинары

Сессия 2. Training seminar

Сессия 3. Study Abroad Talks

Сессия 4. Entrepreneurs Meet Up

 

Өткізу мерзімі: 2021 жыл 18-22 қазан

Іс-шара форматы: гибридті (офлайн, онлайн)

Тілдер: қазақ, орыс, ағылшын

Ұйымдастырушы: Экономика және бизнес жоғары мектебінің Экономика кафедрасы

 

Academic Collaboration Week