«Әлихан Бөкейхан және Алаш мұрасы»

18.10.2021

Көрулер: 2424

Қадірлі әріптестер!

2021 жылдың 29 қазанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына арналған «Әлихан Бөкейхан және Алаш мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық Zoom-конференция өтетінін хабарлайды.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

-         Әлихан Бөкейхан және Алаш мұрасы

-         Әлихан Бөкейхан және Түркі әлемі

-         Әлихан Бөкейхан және әдеби мұра

-         Әлихан Бөкейхан және ұлттық ғылым, оқыту әдістемесі

Конференция материалдары электронды жинақ түрінде жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақаланың мазмұны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқын өзінде қалдырады.

Мақала 2021 жылдың 28 қазанына дейін қабылданады.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 7-9 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN қарпімен жазылады. Мақаланың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болуы керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін орысша, ағылшынша, орыс және басқа тілдерде жазылған мәтін үшін қазақша, ағылшынша түйіндеме (резюме) беріледі. Түйіндемеден кейін автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекенжайы, байланыс телефоны) келтіріледі.

Мақалалар мына мекенжайда қабылданады:

E-mail: rayhanymahanbet@gmail.com

Жауапты: Райхан Имаханбет +7 701 329 64 02

 

Ұйымдастыру комитеті