"Жас талант - 2021" байқауы басталды!

07.10.2021

Көрулер: 5492

Құрметті 1- курс студенттері!

 

Сіздерді ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін «ЖАС ТАЛАНТ-2021» атты жастардың көркемөнерпаздар байқауына қатысуға шақырамыз!

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ – жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуіне жағдай жасап, дарынды таланттарды анықтау. Университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласуға баулу.

 

БАЙҚАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ:

  Музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігі (домбыра, қобыз, баян, фортепиано, сыбызғы, саксафон, дарбука, барабан және т.б.);
  Әншілер байқауы (дәстүрлі, эстрадалық, Q-POP, бибокс және т.б.);
  Бишілер байқауы (халықтық, заманауи, классикалық);
  Актерлік шеберлік;
  Жүргізушілер  байқауы;
  Қолөнер және жас суретшілер байқауы;
  Жас ақындар байқауы.

 

 

БАЙҚАУДЫҢ  ЕРЕЖЕЛЕРІ:

        Байқауға тек  1-курс студенттері қатыса алады;
        Видео 2 минут;
        Қолөнер өнімдері мен суреттері сапалы фотоға түсірілуі керек;
        Видео, фотолар көлденеңінен түсірілуі керек.

 

Жүлдегерлер арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.