Ынтымақтастыққа шақырамыз!

10.08.2021

Көрулер: 3118

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерді 2021/22 жылғы оқу маусымында орналастыру мақсатында хостелдерді, жатақханаларды, студенттік апартаменттер мен қонақүйлерді ынтымақтастыққа шақырады.

Қызығушылық танытқан жағдайда нысан фото таныстырылымын, білім алушыларды орналастыру жоспарыңызды жолдауды сұраймыз. Сондай-ақ орындар саны, тұру шарттары, төлемақысы, СанЕмН және ЭТҚ нормаларына сәйкестігі көрсетілген коммерциялық ұсынысыңызды atayev.almat@kaznu.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Қосымша сұрақтар үшін: +7 (776) 155 65 55