ҚазҰУ-да ТМД аумағындағы алғашқы XXVII халықаралық морфологиялық ғылымдар симпозиумы өтеді

25-мам-21

Көрулер: 2802

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 27-31 мамыр аралығында медицина және денсаулық сақтау факультеті, Жоғарғы медицина мектебі, іргелі медицина кафедрасы және Еуразиялық морфологтар ұйымының ұйымдастыруымен «Cell, tissue, organs – experience, innovation and progress» атауымен XXVII халықаралық морфологиялық ғылымдар симпозиумы ISMS – 2021 өтеді. 

ISMS-2021 – бұл зерттеулердің нақты морфологиялық дәлелдеріне негізделген медицина ғылымының соңғы жетістіктерімен бөлісу алаңы.

ISMS-2021 – бұл жаңа жағдай кезінде ғалымдар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа жолы, жаңа әдістерді іздеу және идеяларды қалыптастыру.

ТМД аумағында алғаш рет өткелі отырған ауқымды шараға отандық және алыс-жақын шетелдерден 2000-нан астам ғалым онлайн қатысады деп күтілуде.

Ғылымның әлемдік жетістіктерін кеңінен тарату мақсатында түрлі ғылыми бағыттар бойынша 10 секция жұмыс істейді.

Біздің мамандарымыз «Annals of Anatomy» басылымында медициналық, морфологиялық ғылымның жаңалықтары мен жетістіктерін жариялау, морфологияның әртүрлі бағыттары бойынша әлемдік жетекші сарапшылардың дәрістеріне қатысу мүмкіндігіне ие болмақ.

Конгресс аясында алғаш рет медициналық университеттерде оқу мақсатында мәйіт материалының донорлығы мәселесі бойынша «Body donation: a global persperctive in a round table discussion» дөңгелек үстелі ұйымдастырылады. Әр түрлі елдер мен континенттердің морфологтары өз тәжірибелерін, мәселелері мен шешімдерін ұсынады.

Сонымен қатар конгресс бағдарламасында Халықаралық анатомиялық қауымдастықтар федерациясының ерекше «Workshop on scientific writing» http://isms2020.kz/index.php/workshop-form шеберлік сағатын, жас ғалымдар секциясы мен баяндамалар байқауын өткізу жоспарлануда. Үздік баяндама иесі арнайы қаржылай сыйлыққа ие болады.

Постерлік секциялар түрлі тақырыптық бағыттар бойынша онлайн режимінде өткізіледі.

Шара соңында келесі ISMS 2023 конгресін өткізу туралы шешім қабылданатын Халықаралық Морфологиялық Ғылымдар Симпозиумы комитетінің отырысы өтеді https://www.symposiamorphologica.com/,. Симпозиумның жабылу салтанатында конгресстің туы мен мөрі салтанатты түрде келесі Конгрестің Президентіне тапсырылатын болады.